Байқоңырдан ұшырылған "Союз МС-28" зымыранының бөлшектері Ұлытау облысының аумағына құлағаны белгілі болды. Зымыран 27 қарашада сағат 14:27-де ұшырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мамандардың айтуынша, тұрғындарға қауіп жоқ. Қазір бөлшектер құлаған аумақта "Роскосмос" қызметкерлері, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей тарапынан экологтар жұмыс істеп жатыр. Олар өлшеу жүргізіп, қажет сынамалар алып жатыр.
Айта кетейік, "Союз МС-28" құрамында улы компоненттер жоқ, ол керосин мен сұйық оттегі қолданады. Сондықтан, мамандардың айтуынша, құлаған бөлшектер радиациялық немесе химиялық зиян келтірмейді.
