Ұлдананың күйеуі сотта: «Мен қалжың деп ойладым»

Ұлдананың күйеуі сотта: «Мен қалжың деп ойладым»
Жоғарғы сот.

Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

20 тамыздағы сот отырысында Ұлдананың күйеуі Әділет Зейнал оқиға болған күнді еске алды.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 8 қарашада таңертең екеуі бірге жұмысқа кеткен. Сағат 10:00 шамасында Ұлдана оған бір адамның құлап қалғанын және зардап шеккен адамды оның ауруханасына жеткізуі мүмкін екенін жазған. Осыдан кейін ол әйелінің хабарламаларына жауап бермей кеткен.

Шамамен 50 минуттан кейін Әділетке ауруханадан қоңырау келіп, әйелінің қабылдау бөлімінде жатқанын хабарлаған.

«Әзіл шығар деп ойладым», - деді ол сотта.

Кейін ол төмен түсіп, әйелін таныған. Сотта Әділет Зейнал Ұлдананың денесін өзі танығанын айтып,

«Бұл сол екенін айттым. Бұдан басқа айтарым жоқ» - деді.

Сондай-ақ ол 19 қарашада Ұлдананың әпкесімен бірге әкімдікке барғанын айтты. Оның сөзінше, сол жерде мәслихат депутаты оларға 20 млн теңге қолма-қол ақша берген. Бұл ретте ешқандай құжатқа қол қойылмаған.

Кейін Әділет Зейналдың қайта үйленуінен соң Ұлдананың анасы одан жәбірленуші мәртебесінен бас тартуын сұраған. Осыдан кейін ол тиісті өтініш берген.

Сотта Әділет Зейналдың жәбірленуші мәртебесіне қатысты мәселе де қаралуда.