Астанада тұрғын үйдің қасбетіндегі қаптама материалдың құлауынан болған қайғылы оқиғаға қатысты сот тергеуі аяқталуға жақын. Аталған оқиға салдарынан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан көз жұмған. Айыпталушы - МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
17 қыркүйекте сотта тергеуші Аяжан Нүсіпбекова жауап берді.
Сот отырысы барысында айыпталушының адвокаты Дәурен Еслембекұлы «37-жылға» қатысты пікір білдірген. Осыған байланысты судья оған ескерту жасап, бұл жайт сот отырысының хаттамасына енгізілді.
Сондай-ақ тергеуші Ұлдана Мырзуанның сыртқы кондиционердің құлауынан жарақат алуы мүмкін еместігін түсіндірді.
Жауап алу аяқталғаннан кейін судья іс бойынша тараптардың жарыссөзін 24 қыркүйек күні сағат 10:00-ге белгіледі.