Пентагон басшысы Тайландқа барған жұмыс сапарында журналистерге АҚШ Украинаның барлық қажеттілігін өтейтінін айтты.
Өз кезегінде журналистер Остиннен АҚШ пен оның одақтастары Украиандағы соғыста Ресейді әлсірету мақсатынан айнымағанын және Украина президенті офисінің кеңесшісі Михаил Подоляктың «Ресейге тойтарыс беру үшін бізге 1000 гаубиция, 300 РСЗО керек» деген сөзіне түсініктеме беруін өтінді.
– Украина жеңіске жетуі үшін АҚШ қолдан келген көмектің бәрін көрсетуге әзір. Біз ғана емес, біздің өзге әріптестеріміз де Украинаға көмектесуге дайын. Бүгінде Америка Украинаға оқ-дәрі мен гаубицияларын көптеп жеткізген ел болып тұр. Өзге елдер де көмек-қолдауын аяп жатқан жоқ, – деді Ллойд Остин.
Өз кезегінде Пентагон басшысы алдағы аптада Укрианиаға әскери тұрғыдан көмек көрсетуді жеделдету үшін Брюссельде Рамштайн-3 басқосуы өтетінін мәлім етті.