Украинада қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловтың компаниясына санкция салынды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Украинаның бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі ұлттық комиссиясы «Фридом Финанс Украина» ЖШҚ лицензияларын 2022 жылғы 19 қазанда Украина президентінің жарлығымен Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің «жеке арнайы экономикалық және басқа да шектеу шараларын қолдану және оларға өзгерістер енгізу туралы» шешімі негізінде тоқтатты», – делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, санкциялардың негізгі салдарының бірі – клиент алдындағы міндеттемелерді орындамау. Бірақ компания бұл шектеулерді қателік деп санап, шешімге қарсы екендерін білдіреді.
«Біздің қызметіміз және компанияның құрылымы туралы толық ақпаратпен барлық инстанцияларға өтініштер жіберілді», – деп хабарлады компания.
Бұдан әрі компания украиналық инвесторлар «Фридом Финанс Украина» арқылы сатып алған және депозитарлық мекемеде сақталған барлық активтер клиенттерге толық меншік құқығы негізінде тиесілі деп атап өтті.
«Компания мүмкіндігінше клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды. Санкциялар салу Украинаның қор нарығының бүкіл жүйесі үшін күтпеген жағдай болды. Біз Украинада жылдар бойы жұмыс істеп, Украинаның қор нарығын, оның экономикасын, қор нарығының инфрақұрылымын белсенді дамытып келеміз. Санкциялар тек «Фридом Финанс Украина» ЖШҚ-ға қатысты болды. Сол арқылы қазір клиенттер Украинаның қор нарығында бағалы қағаздармен сауда жасайды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
https://dalanews.kz/aimak/84010-almaty-shagyn-zhane-orta-kasip-nysandar