Украинаға жаппай шабуыл: Киев пен ірі қалаларға 90 зымыран мен 600 дрон ұшырылды

Украинаға жаппай шабуыл: Киев пен ірі қалаларға 90 зымыран мен 600 дрон ұшырылды
видео кадры

Жексенбіге қараған түні Украина соңғы уақыттағы ең ауқымды шабуылдардың біріне тап болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Киевтің мәліметінше, Ресей ел астанасы мен өзге де ірі қалаларға шамамен 90 зымыран және 600 дрон ұшырған.

Украина тарапы «Орешник» зымыраны Киевтің оңтүстігіндегі аймақтық орталық - Бела Церковь қаласына бағытталғанын хабарлады.

Украинаның әуе қорғаныс күштері 55 зымыран мен 549 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді. Шабуыл салдарынан Киевте кемінде екі адам қаза тапқан. Тағы екі адам астана маңындағы өңірде көз жұмды. Ондаған адам жарақат алған.

Соққыдан тұрғын үйлер, көліктер және инфрақұрылым нысандары зақымданған.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне Украинаның Старобельск қаласына жасаған шабуылына жауап беру нұсқалары бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған еді.