Үкімет қан донорларына төленетін өтемақыны көбейту мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазір донорларға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы өте төмен ө 0,25 АЕК, әрі ол бірнеше жылдан бері өзгермеген.
Бектеновтың айтуынша, 2026–2028 жылдарға арналған бюджет аясында осы төлемді арттыру жоспарда бар. Сонымен қатар «Құрметті донор» төсбелгісін қайта енгізу мәселесі де қаралып жатыр.
Жалпы, Қазақстанда қан қызметі жүйесі жұмыс істеп тұр, бірақ донорларды ынталандыру әлсіз. Осыған байланысты билік донорлықты дамыту, төлемді қайта қарау және жүйені жаңарту бағытында өзгерістер енгізбек.
