Үкімет білім, әлеуметтік сала қызметкерлері мен әскерилердің айлығын көтеретін болды

Dalanews 25 шіл. 2023 02:16 957

ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтері:

- мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басшы қызметкерлері;

- стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері;

- медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлері.

Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:

- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.

Ал, Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде.

Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар