Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол Талғар қаласын 1 жыл 2 ай бойы басқарды. Әлеуметтік желілерде күнделікті жұмыс барысын көрсетіп, белсенділігімен көзге түскен әкім халық арасында “тикток әкім” деген атпен танылған еді.
Әкімнің қызметтен кетуінің нақты себебі ресми түрде айтылмай отыр. Бұған дейін ол денсаулығына байланысты екі апталық еңбек демалысын алған болатын.
