"Түзету енгіздік": Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалықты жария етті (ФОТО)

"Түзету енгіздік": Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалықты жария етті (ФОТО)
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, бұған дейін ол автоматты түрде қайта-қайта қоңырау шалу, яғни автодозвон мәселесін министрдің алдында көтеріп, заңға тиісті өзгеріс енгізуді ұсынған. Енді бұл бастама нақты нәтиже бере бастаған.

Аймағамбетов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен келген ресми жауап хатты жариялап, Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатқанын хабарлады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, абонентті қабылданбаған қоңыраулар туралы хабардар ету тек SMS арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни азаматтарды мазалайтын автоматты қоңырауларға шектеу қойылады.

Сонымен қатар заң жобасы аясында рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салатын арнайы түзетулер де қарастырылып жатыр.

Депутаттың айтуынша, халықты жиі мазалайтын, спамға айналған заңсыз қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қою маңызды. Бұл өзгерістер азаматтардың тыныштығын қорғауға және байланыс қызметтеріндегі тәртіпті күшейтуге бағытталған.