«Туристік маршрут» Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерімен таныстырады

Dalanews 29 қаз. 2019 12:58 1477

«Астана Конвеншн бюро» 2ГИС қосымшасымен бірлесіп жаяу жүргіншілерге арнап Нұр-Сұлтан қаласының  туристік маршрутын құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаяу туризмді ары қарай танымалдылығын арттыру мақсатында 2ГИС картада көк түспен белгілеу арқылы қаланың басты көрікті орындары бойынша жаяу бағдар құрастырып шығарды.

Енді «Туристік бағдардың» әрбір нүктесін басып қарап, елорданың көрікті жерлеріне қалай баруға болатынын ешкімнен сұрамай-ақ білуге болады. Сонымен қатар қосымшада өзіңіз таңдаған нысанды таңдап, оның қысқаша тарихи сипаттамамен және фотосуреттермен танысауға болады.


Бұл туристерге Қазақстан астанасы бойынша жаяу серуендеуге мүмкіндік береді. Ол үшін іздеу жолына «Туристік маршрут» деп жазсаңыз жеткілікті.  Бұдан кейін бағдар бірден іске қосылып, экраныңызда көк түсті сызық пайда болады. Айта кетейік, 2GIS – үш нұсқада жұмыс істейтін (компьютер, онлайн және мобильді қосымша) 1,3 миллионнан астам пайдаланушысы бар қалалық ақпараттық анықтама. 2019 жылы 2GIS Forbes Kazakhstan мәліметтері бойынша мобильді қосымшалардың арасында 2 орынды иеленген танымал қосымша.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар