Тұрлыхановтың ұлы сот үкіміне шағымдануға ниетті - БАҚ

Сағыныш Сардарова 11 қар. 2024 17:50 1618

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары оны колонияға қамау туралы сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп.

Жақында Мәжіліс депутатының ұлы түрмеге жіберілді. Басылым мәліметінше, ол үкімге шағымдануға ниетті, бұл туралы заңгер Анна Чернова хабарлады.

«Депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Біз күтеміз»,деп жазды Анна Чернова.

21 қазанда сот оны пробациялық режимді бұзғаны үшін 1 жыл 5 айға колонияға жіберді. 

Жоғарғы соттың шешімінен кейін заңгерлер Олег және Анна Черновтарға шабуыл жасағаны үшін депутаттың баласына пробациялық қадағалау тағайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар