Түркияның астанасы Анкарада жер сілкінді. Қаланың кейбір аудандарында тұрғындар үрейленіп, ғимараттардан далаға жүгіріп шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 болған. Мамандар мұндай көрсеткішті сезілетін жер сілкінісі деп бағалайды.
Жергілікті сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері Анкараның оңтүстігінде орналасқан Хаймана провинциясында тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 7,74 шақырым тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Билік пен төтенше жағдай қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
