Түркияда тоғызқұмалақ, мангала және бестемшеден “Евразия кубогы” өтіп жатыр

Dalanews 18 сәу. 2026 16:30

2026 жылдың 16 сәуір күні Түркияның Тоқат қаласында тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық "Евразия кубогі" жарысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жарысқа Қазақстан, Египет, Сирия, Түркия және Чехиядан 40-қа жуық спортшы қатысуда. Бүгін жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Mehmet YAZICIOGLU түркі халықтарының зияткерлік ойындарының маңызына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Тоқат қаласының депутаты Кадим Дурмаз ашылу сөзінде бұл ойындардың еларалық достық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. Дүниежүзіілк Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы Мақсат Шотаев жарысқа жиналған қауымға сәттілік тілеп, қала әкіміне шапан жапты.

Жалпы жарыс 19 сәуірге дейін созылады. Бүгін тоғызқұмалақтың блиц жарысында ерлер арасында түрік спортшысы Демир Жалел чемпион болса, қыздар арасында Астанадан келген Аманжолова Алтынай чемпион атанды. Жарыс Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы және Тоқат қаласы әкімдігіінің қолдауымен, Түркия тоғызқұмалақ, бестемше және мангала Ассоациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove