Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын

Сағыныш Сардарова 08 сәу. 2024 09:41 1675

Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.

"Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі апатты су тасқынына қатты қайғырамыз, бұл жағдай он мыңдаған қазақстандық бауырымызды эвакуациялауға мәжбүр етті. Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Түркия СІМ елімізге кез келген қажет көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, 6 өңірде 4 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. Жерлікті жерлердегі 155 автожол учаскесін су шайған. Тағы 88 учаске бақылауға алынды, оның төртеуі - көпір. Ал 58 елді мекен көлік қатынасынан ажырап отыр. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынына қатысты елдегі ахуал күрделі екенін мәлімдеді. Аймақтардағы құтқару шараларына 17 мыңннан аса адам тартылған. 1900-ден аса арнайы техника мен 500 дана су сору, жүзу құралдары бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар