Бұдан бұрын бұл ұсынысты Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та қолдайтынын айтқан. "Осынау жобаға ғалымдар тобын тартып аталған нысанға зерттеу жұмыстарын жүргізуге бастамашы болуға әзірміз. Тізімге енбей, ескерусіз қалған тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу қажет" деген еді өңір басшысы.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі бастаған ғалымдар тобымен кездесті. Академия президентінің кеңесшісі Е.Исақұлов, профессор Қ.Қонқабаевпен, ғалым А.Тойшанұлымен болған басқосуда бұдан бөлек Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайы талқыланған.
Өңір басшысы өз кезегінде ғалымдарды облыс аумағындағы маңызды тарихи нысандар туралы мағлұмат жинастырып, арнайы сериямен кітап шығаруға атсалысуға шақырды.
«Өздеріңіз білесіздер, Түркістан өңірі тарихқа бай өлке. Әлі де зерттеуді қажет ететін дүниелер, зерттелгенінен көп.Сондықтан осыған мән беруіміз керек. Облыстағы барша тарихи және мәдени жерлердің тізімін жасап, олар туралы мәліметтерді жинақтап, кітаптар сериясын шығаруды жандандыру керек деп ойлаймын. Міне, осы істі қарқынмен атқаруға шақырамын», – деді Жансейіт Түймебаев.