Аймақ басшысы сонымен қатар Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
"Түркістанның туристік потенциалы жыл өткен сайын өсіп келе жатыр. Туристердің көптеп келуі Түркістан экономикасының шырайлана түсуіне септігін тигізері анық. Тек бір ғана өңір емес, Түркістанның туристік әлеуетінің артуы тұтас ел экономикасына оң ықпал етеді. Айталық дәл бүгінгі күні Түркістан қаласына келушілер саны 1 млн. адамға жетіп, өткен жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 57,2 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі бағдарламалар даярладық. Алдағы уақытта келушілер саны тағы арта түседі деп жоспарлап отырмыз", -деді осы орайда Жансейіт Қансейітұлы.
Жалпы туризм мәселесін сөз еткен шетелдік туристерге қызмет көрсету, сервис сапасы сөз болары анық. Жансейіт Түймебаевтың айтып өткеніндей өңірде шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасалған.
Оның айтуынша орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында 543,7 млн. теңгеге жетіп, 2017 жылдың 6 айымен салыстырғанда өсу қарқыны 16,8 пайызға өскен. Сондай-ақ, Қазақстанның туристификациялау картасының республикалық маңызы бар ТОП-10 нысанына облыстан «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы енгізілген. Аталған қорық шетелдік туристер тарапынан үлкен танымалдылыққа ие.