Түркістандық кәсіподақ белсенділері Президент күнін атап өтті

Dalanews 27 қар. 2018 15:50 933

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты жиын өткізді. Жиын «Елі сүйген – Елін сүйген Елбасы» тақырыбында бейне роликпен ашылды.

Балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме мүшелерінің Елбасына арналған жүрек жарды арнауына ұласты. Қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков салтанатты жиынға қатысушыларды «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен» құттықтап: «Еліміз егемендік алғаннан ел тұтқасына айналып өзінің көрегендігімен, сарабдал саясатымен қазақ сахарасын алға жетелеп келе жатқан Елбасы жолы кеменгерліктің кемесі десекте болады» дей келе Елбасының елі үшін жасаған еңбектеріне тоқталып өтті.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы мен Түркістан облысы білім басқармасының «Мақтау қағазымен» кәсіподақ белсенділері Амангелді жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рустем Асаинды, Айгөлек бала бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдулханова Есенкүлді, №5 Қ.Рысбеков атындағы мектеп интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қошанов Нұрлыбекті марапаттады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы: «1991 жыл 1 желтоқсан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұнғыш Президенті болып сайланды. Бұл күн елдегі жаңа Қазақстандық мемлекеттікті қалыптастырудың бастамасы болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы қабылданып Тұңғыш Президенттің мемлекет дамуындағы іргелі рөлі атап өтылды. Президенттің ерен еңбегі тек елімізде ғана емес Халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. Елбасыға деген құрмет ерекше» - деп атап өтті.

Түркістандық әріптестерге және кәсіподақ белсенділеріне толағай табыстар тілей отырып, ерекше жұмыстарымен көзге түскен кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелерін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Құдайбергенов Дәулетбек Сазанбекұлын марапаттап, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің директоры Әмреев Оразбек , Айгүл бала-бақшасының меңгерушісі Төрежанова Гүлмира Нұрмахановаға, Ұлықбек атында жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Юлдашов Умхан Файзуллаевичқа, М.Балақаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мыңтаев Есиркеп Абдулкаримовичке, А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джусипов Орынбасарға, Майдантал жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сағындық Ғани Темірханұлына табыс етті.

Балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерлі жеткіншектері ән – шашу арнады.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Әсілбаева Гүлжан Әсілбайқызы өз сөзінде «Президент Н.Ә.Назарбаев – көптеген маңызды саяси және экономикалық бастамалардың авторы. Тұңғыш Президент – сәтті реформалар, іске асырылған мега жобалар символы. Астана құрылысы, ЭКСПО - 2017, Нұрлы ЖОЛ бағдарламасын ұсынды. Ел тыныштығымен, халықтың әл ауқатын арттыруда, елімізді әлемдік аренаға шығаруда аянбай еңбек етуші» - деп сөзін қортындылап, салтанатты жиынға қатысушыларды ерекше ықыласпен құттықтап, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің «Мақтау қағазын» Балғын ясли бала-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бегалиева Торқалыға, Ертөстік бала-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтаханова Шолпанға, Кешкі мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Байғотанова Заурешке, Жас туристер станциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тұрсын Ермекке, Шойтөбе шағын жинақталған бастауыш мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанабекова Гульзипаға тапсырды.

Кәсіподақ беделін арттыруда аянбай еңбек ете берулеріне тілек білдірді.

Ерекше құттықтау сөзден кейін балалар мен жас өспірімдер орталығының өнерпаздары патриоттық ән жолдады.

Білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Міндетбаев көп жылдар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған, елеулі еңбегімен, кәсіподаққа сіңірген еңбегі мол ардагер ұстаз, бүгінгі таңға дейін бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының президенті аталып келген М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған Тұрысбеков Мырзабай Әлмаханұлының зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтап, Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен», арнайы сыйлығымен марапаттады.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Турманова Диана Абайқызына жиынға қатысушыларды 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құтықтап, өз сөзінде: «Көп жылдар бойы Қазақ халқы тәуелсіз ел болуды, бақытты өмір сүруді армандады. 1991 жылы 1 желтоқсанда халық арманы орындалып Қазақстан Республикасының алғаш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан жаңа өмірге қадам басты. Қазақ халқының ең қиын кездерінде Елбасы барлық қиындықтардан шыға білді. Қазақстанда бейбітшілік пен татулықты ту етіп, көптеген жаңа жобалар жасады, басқа елдермен дипломатиялық қарым – қатынастарымыз жақсара түсті. Мәдениет өркендеп экономикамыз дамыды. Отан сүйгіштік, Ана тіліне деген құрмет қалыптасты. Ел экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік әл – ақуалы артты. Елі сүйген, Елін сүйген Елбасымыз дара жолымен ерекшеленіп Ел құрметіне бөлене берсін! Мәңгілік Елдің ұрпақтары бейбіт, тату, дамыған елдің өркениетін арттыруда еңбек ете берсін деп сөз соңында Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына байланысты, бізден бөлінген ауыл округтеріндегі білім саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мекеме басшыларының кәсіподақ саласын дамытуда қосқан үлестерін, жетістіктерін айта келіп Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен» Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азизов Гозихонды, «Тажиниса ана» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ярмухаммедова Малохатты, «Ақ көгершін» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Исабеков Қайратты, «Жауқазын» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Таджибаев Азизбекті, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мамбетов Бақытты марапаттады

Салтанатты жиын соңы Бекболат Тілеуханов әнімен және Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен жазылған «Елім менің» әнімен жалпы орындауда аяқталды.

 

М.Кенжебаева, Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар