Түркістандық ғалымдар шұбаттан қант диабетіне қарсы дәрі жасап шығарды

Dalanews 25 жел. 2018 04:47 848

Түркістан қаласындағы Қазақ-түрік университетінің жалпы хирургия кафедрасының профессоры, м.ғ.д У.Жұмабаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде «Шұбаттың (түйе сүтінің) негізінде дәрілік сығындылармен үйлескен қышқылды сүт биопрепаратын алудың технологиясын зерттеп, өңдеу» атты ғылыми жобасының нәтижесі коммерцияландыру бойынша конкурсқа ұсынып, грант ұтып алған болатын.

Жалпы түйе сүтінің құрамы – сиыр және бие сүттерінің құрамына қарағанда ақуызға, дәрумендерге, минералдық заттарға өте бай және көптеген ауруларда дәстүрлі ем ретінде қолданатындығы дәлелденіп, емдік қасиетін арттырту мақсатында табиғи дәрілік және тағамдық сығындылармен үйлестіріліп алынған қантты диабеттің алдын алуда және емдеу мақсатында қолдану мүмкіндігі жоғары.

Осы тұрғыда «Арнайы диабеттік «Инуллакт-Фито» тағамдық өнімі» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіненің мемлекеттік тіркеуінен өтіп, Беларусь, Қазақстан және Ресей кеден одағы шеңберінде қолдануына рұқсаты берілген. Бұл жетістіктер университет ғалымдарының инновациялық бағыттағы ғылыми еңбектерінің нәтижесі коммерцияландырыла отырып өндіріспен ұштасып отырғандығының нақты дәлелі болып табылады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар