Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы, Оксфорд университетінде Орталық Азия елдеріне арналған бірінші IBC симпозиумы өтті. Бұл симпозиум Ұлыбританияның Оксфорд университетінің IBC директоры, профессор Харис Кхвадж, Қазақстан бариатриялық және метаболикалық хирургия қоғамының президенті, профессор О. Оспанов төрағалығымен ұйымдастырылды,деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық жиынға Орталық Азия елдерінен бөлек, Түркия, Иран және Грузия елдерінің өкілдері қатысты. Маңызды шараға Түркістан облысының білікті дәрігерлері барды. Нақтырақ айтқанда, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері м.ғ.к. Ж. Дильдабеков, асқазан ішек және эндокриндік органдар бөлім меңгерушісі А. Нурашев, хирург дәрігері Қ.Сұлтанов, Астана қаласынан «Профессор Орал Оспановтың хирургия орталығы» хирург дәрігері Г. Дуйсенов қатысып, тәжірибе алмасты.
