Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы бағдарламалық баяндамасын талқылауға арналған «Тұғырлы ел, тұрақты даму: Ұлттық құрылтай идеялары» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ғалым саласының қызметкерлері мен білім алушы жастар қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz
Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.
Ең алдымен Президент кеңесшісі «Жаһандық жас ғалымдар» фотокөрмесін және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушы-профессорларының еңбектері енгізілген «Өркен жайған оқу орда» кітап көрмесін тамашалады.
Алғашқы сөз Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Наджи Генчке берілді. Ол түркі елдерінің ынтымақтастығы және симпозиумның маңыздылығы туралы атап өтті.
Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Гүлсара Тоққұлова, Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықов баяндама жасады.

Жиынды қорытындылаған ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе берілуімен құттықтады. Ғылым мен білімнің ұштасқан ордасында жүздесуіндегі мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге назар аударып, заң мен тәртіп қағидаты туралы ой қозғады. Студенттерге сапалы білім алу, жан-жақты болу керектігін айтып, адамгершілік басты ұстаным болуы тиіс екенін жеткізді. Ол ұлттың еңсесін көтеріп, халықтың бірлігін нығайтатын бастамалар жүзеге асатынын айтты.