– App Store немесе Play market жүйесінен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы салынады. Биыл 13 мамырдан бастап дәстүрлі «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске қосылды.
Акцияның мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар үшін чекті мобильді қосымша арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда дерек расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады. Өткен жылы бұл акцияға Түркістан облысының 1 494 тұрғыны қатысып,ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алды, – деді Баян Тілегенқызы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі