Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның ІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Dalanews 26 қар. 2021 17:17 726

Түркістанда үкімет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастық жаңа өсу нүктелері ретінде» атты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ертең екі елдің премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Бүгін Форумның бірінші күні аясында екі елдің іскер топ өкілдерінің кездесулері өтті. Қазірдің өзінде 40-тан астам B2B кездесулері өтті.

Келіссөздер нәтижесінде жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 200 миллион доллардан асты.

ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 886,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес деңгейінен 28,5%-ға жоғары. Оның ішінде 2 098,2 млн. АҚШ доллары – Қазақстаннан тауар экспорты (өсім 30,1%).

Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі өнімдері: легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, автомобильдер, мыс концентраттары, ауыл шаруашылығы өнімдері (бидай, ұн, соя майы және т.б.).

Өзбекстаннан келетін негізгі импорт – жеміс-жидектер, кірпіш пен құрылыс материалдары, керамика, этилен полимерлер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар