Оның айтуынша, отандық озық ғылыми зерттеу орталықтары мен институтарымен меморандумдар және келісімдер түзілген.
– Инновациялық инфрақұрылымның негізгі құраушысы болып табылатын Технологияларды коммерцияландыру офисі құрылды. Кентау Трансформатор заводымен Энергетика, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік салалары бойынша ортақ технопарк құру мәселесінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл бағытта қазіргі уақытта орналасу жері белгіленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Университет ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесін коммерцияландыру бойынша Ғылым қорының 3 жылдық мерзімге арналған жалпы құны 745 млн., тенгені құрайтын 4 грантын жеңіп алуы өңір үшін сенсациялық құбылыс деп айта аламыз, – деді Болатбек Серікбайұлы.
Сонымен қатар, университеттің 2 жас ғалымы Халықаралық ірі компания болып табылатын Scopus (ELSEVIER) тарапынан ұйымдастырылған Орталық Азия үшін Scopus Award-2018 байқауында «Best Researcher in Humanities» номинациясында жеңімпаз атанған.
Бұған қоса, «Bilig» ғылыми журналының Clarivate Analytics және Scopus секілді алдынғы қатарлы әлемдік ғылыми мәліметтер қорында идекстелуі, ХҚТУ хабаршысы журналының ҚР БҒМ тарапынан ұсынылған журналдар тізіміне еңгізілуі айтарлықтай жетістік болып табылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі