Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

Жарбол Кентұлы 24 мау. 2025 19:30

Түркістанда 28 маусым БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай спартакиада өтті. Жарысқа спорттың волейбол, шағын футбол,  үстел теннисі, арқан тартыс түрлерінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 10-ға тарта команда қатысты.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды “Баспасөз хатшылары” командасы жеңіп алды. Ал, екінші орын “Turkistan” телеарнасына бұйырса, үшінші орынға “Тұран БАҚ” командасы жайғасты. Сондай-ақ, үздік ойыншылар да марапатталды. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар