Түркістанда «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы басталды

Dalanews 04 шіл. 2024 10:06 1647

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» дей келе «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын бастап және осы игі бастаманы қолдауға шақырған болатын.

Осы мақсатқа орай бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы ұсынған 100 дана кітапты Созақ аудандық орталық кітапханасына қарасты «Ақсүмбе» ауылдық кітапханасына, оқырмандарына  сыйға тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағылымды шараға кітапханашылар және кітапхана оқырмандары, сонымен қатар Мақсат Жеңсұлы, Орынбасар Хасенұлы, Әмір Дүйсебекұлы, Бекен Ниязбеков қаламгерлер сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар