Түркістанда алғашқы «Mega city» кешені ашылды

Түркістанда алғашқы «Mega city» кешені ашылды
Түркістан облысының орталығы - Түркістан шаһарында «Mega city» ойын-сауық кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Қаланың "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" айналма жолы бойында орналасқан сауда орталығының аумағы 15000 шаршы метрді құрайды.

Іргетасы 2014 жылдан бастап қалана бастаған сауда үйінің жалпы құны 2,5 млрд теңге. Нысанның негізгі бағыты ойын-сауық, сауда орындарына арналған.

Тәулігіне 800 адамға дейін қызмет көрсетуге ыңғайластырылған ғимарат толықтай жұмысына кіріскенде жергілікті 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туындайды.

«Mega city» ойын-сауық кешені заманауи талаптарға сай бой көтерген. Онда көпшілікке арналған тамақтану орындары мен «MegaCinema» кинотеатры, балалар үшін соңғы үлгідегі автоматтандырылған ойын атракциондары бар. Сонымен қатар, гипермаркеттер де қарастырылған.