Түркістанда 9 жастағы баланың бауырынан 14 см құрт табылды

Ақтоты Жапатова 28 там. 2025 11:20

Түркістан облыстық балалар ауруханасында 9 жасар балаға күрделі ота жасалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Науқасқа тексерулер жүргізіліп, баланың бауырында көлемі 14 см болатын эхинококк құрты болу диагнозы қойылған. Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен күрделі ота жүргізіліп, мамандар эхинококк құртын ашық әдіспен алып шықты.

Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізіліп, қажетті емдік шаралар қолданылды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Мамандар ата-аналарға балалардың денсаулығына ерекше мән беріп, шағымдар пайда болған жағдайда уақтылы дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертеді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар