Түркістан: Сайрам ауданында заңсыз жүк тасымалына тосқауыл қойылды

Ақтоты Жапатова 04 қыр. 2025 10:45

Сайрам ауданында заңсыз жүк тасымалына қарсы рейдтік шара өткізілді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топтың тексерісі барысында ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау және жүк тасымалына қатысты құқықбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 7 бірлік жүк көлігі айыптұрағына қойылды.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен құқық қорғау органдары заң аясында тиісті шешім қабылдайтын болады.

Әкімдік мәліметінше, мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар