Түркістан қалай түрленеді?

Dalanews 23 қар. 2018 10:16 710

Түркістан қаласын дамыту үшін шаһарды дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасы қабылданды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бас жоспар әзірленуде және тиісті конкурстар өткізіліп жатыр. Жоспарда қаланы дамытудың бағыттары айқындалатын болады.

"Оның ішінде көлік, инфрақұрылым, құрылыс, тарихи нысандарды қорғау, сондай-ақ басқа да бағыттар қамтылған. Бұдан басқа, 2024 жылға дейін Түркістан облысын дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Жоспар өте үлкен әрі ауқымды, онда 115 іс-шара бар. Соның арасында кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын, құрылыс, турзимді, ТКШ-ны дамыту бойынша бағыттар бар. Жалпы қаражат 870 млрд теңге, оның 400 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 29 млрд теңге жергілікті бюджеттен, ал қалғаны жеке инвестициялар есебінен болады. Осы кешенді жоспар жылдың соңына дейін қабылданбақ. Жалпы, Түркістан қаласы мен облысты дамыту үшін жүйелі жоспарлар бар. Сәйкесінше, тиісті қаржыландыру көзделген», — деді бұл орайда Р. Дәленов депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар