«Барлық тұрғынға заң аясында жердің әр сотығына 515 мың теңге беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйлер бөлек бағаланып, бағасына сай қаржы бөлінеді», — деп мәлімдеді ол.
Ілгеріде айтып өткендей қазіргі таңда заңға сәйкес, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін қайтару және бағалау жұмыстарына келіспеген тұрғындармен түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін қала әкімінің және тиісті бөлім басшыларының, құқық қорғау органдарының, қала прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен (18-желтоқсан 2018 жылы, Мәдениет үйінде 70 азаматтың қатысуымен) мәжіліс өткізіліп, жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, келіспеген тұрғындармен арнайы өтініштері бойынша жұмыс істеу үшін 2018 жылғы 14-желтоқсандағы №780 қала әкімінің өкімімен 29 адамнан құралған комиссия жұмыс істеуде.
Айта кетелік бұдан бұрын Түркістан қаласының бірнеше тұрғыны облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қабылдауында болған еді.
Аймақ басшысы облыс орталығы болған Түркістан қаласында жаңа жоспарға сәйкес көптеген құрылыс нысандары салынады деп жоспарланып отырғанын тілге тиек еткен еді.
«Түркістан — туризм, түркі халықтарының орталығына айналсын деп жатырмыз. Ол үшін айналадағы ескі үйлердін орнына жаңа ғимараттар бой көтеру керек", – деген еді Жансейіт Түймебаев.