Түркістан өңірінде білім және медицина нысандары көбейіп келеді

Dalanews 16 жел. 2018 04:01 764

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.


Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеште облыстағы экономикалық көрсеткіштерге тоқталған өңір басшысы алдағы уақытта да заман талабына сай әлеуметтік нысандар көбейетінін жеткізді.


«2018 жылы жалпы 80 білім нысанының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 17,5 млрд.теңге бөлініп, 30 мектеп жəне 3 колледж ел игілігіне тапсырылғанын айту кету керекпін. 


Осының нәтижесінже нəтижесінде 5 апатты жəне 3 үш ауысымды мектептің мəселесі шешілді. Жыл соңына дейін қосымша 6 мектептің құрылысын тапсыру жоспарлануда.



Жалпы биылғы жылы өңірде 94 жекеменшік балабақша, мемлекеттік-жекеменшік-әріптестік аясында 3 балабақша және 1 мемлекеттік балабақша тапсырылды. Балабақшамен қамту көрсеткіші бойынша облысымыз көшбасшылар қатарында. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 93 пайыздан асты. Ал медицина саласына тоқталар болсақ, биылғы жылы Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, 3 дана компютерлік томограф орнатылды. 62 дәрігерлік бекеттің құрылысын жүргізу жоспарланып, ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыс бәсеңдемейді», - деген өңір басшысы мұның бәрі Тәуелсіздіктің жемісі екенін айтты.


Аймақ басшысының атап өткеніндей бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да қарқынды жүргізіліп, жалғасын табады. Әлеуметтік нысандардың саны ғана емес, сапасына да баса мән беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар