Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: жеті адам қаза тапты

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты: жеті адам қаза тапты
ЖИ: Dalanews.kz

Түркістан облысында адам өліміне әкелген жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 15 шілде күні Шаян – Екпінді тасжолында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, түнгі уақытта Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

– Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге және қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырды.