Түркістан облысында полицей парамен ұсталды

Көркем Алдабергенова 11 қар. 2025 16:36

Түркістан облысы ПД аудандық полиция бөлімінің бір қызметкері заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен қолға түскенін хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.

Өңірдің Полиция департаменті өз қатарларын мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрам арасында заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды үздіксіз және жүйелі түрде іске асыратынын мәлімдейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар