2030 жылы Қазақстанда соғыс оты тұтануы мүмкін - Бапи

Көркем Алдабергенова 11 қар. 2025 15:49

Депутат Ермұрат Бапи Қазақстанның болашағы жайлы болжамын айтты. Оның пікірінше, 2030 жылы соғыс оты тұтануы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи соғыс қаупіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, қауіптің бар екенін растады.

"Мұндай қауіп бар. Бұл туралы біздің қорғаныс саласындағы ведомствода да осындай болжамдар жасалып жатыр. Тіпті әлемдік сарапшылардың пікірлерін ескермегеннің өзінде", - дейді депутат.

Депутат бұл ақпаратты қайдан алғанын, неге сенімді екенін айтты. 

"Біріншіден, соғыс қаупіне қатысты. Бұл – менің жеке пікірім емес. Бұл – әскери сарапшылардың пікірі. Мұны біздің қорғаныс ведомствосындағы отандық мамандар да жоққа шығармайды. Бұл туралы қазір ашық айтыла бастады.

2030 жылы елімізде қандай да бір локалды әскери қақтығыстар болуы мүмкін деген болжам бар", - дейді Бапи.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар