Түркістан облысындағы су қоймаларынан қауіп жоқ

Dalanews 24 қар. 2022 14:26 872

Түркістан облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және Төтенше жағдайлар Түркістан облыстық департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жүнісов  Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарында орналасқан су қоймалар мен таудағы қар қоры, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайын қарап, тікұшақпен аэровизуалды шолу жасады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандармен су қоймалардың жай-күйі зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардан келер қауіп жоқ екені анықталды. Өңір басшысы су көздері тұрақты жағдайда болса да,  қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс екенін жеткізіп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар