Түркістан облысында депутаттар ауылдың көшесін жөндеп, мүмкіндігі шектеулі жанның үйіне газ тартып берді

Dalanews 27 сәу. 2021 10:38 1036

«Nur Otan» партиясының сайлаулды бағдарламасында ауылдардың әлеуетін көтеру міндеті жүктелген. Сонымен бірге депутаттардың да жауапкершілігі күшейтіліп, олардың белсенділігі арта түсті. Бұл ретте Түркістан облысы, Сайрам ауданының депутаттары да игі бастамаларды жүзеге асырып, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, «Nur Otan» партиясы «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Сайрам аудандық  мәслихатының депутаты  Акмалжан  Исаков  Ақсукент ауылында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 10 отбасына азық-түлік таратты.

Сонымен бірге жалғызілікті ана, Ақсукент ауылының тұрғыны, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғынға нақты көмек көрсетті. Депутат өзінің 300000 теңге қаражатына жылу жүйесін, газ колонкасы мен жылыту қазандығын орнатып беріп, ардақты ананың алғысын алды.

Сайрам ауданындағы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауданда игі іс атқарылды. Жібек жолы ауылдық округінде аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшелері Г.Нұртанова, жеке кәсіпкерлер – Ж.Еспенбетов, Р.Утешов, Т.Айтбаев, И.Анарметов, М.Урумбековтардың демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған жалпы 40 отбасына «Ауызашар қоржыны» таратылды.

Түркістан облысы, Келес аудандық мәслихатының депутаттары да игі істерімен дараланып жүр. Қоғамдық қабылдауға келген ел тілегін ескеріп, қайырымдылықты қолға алған. Мәселен жас депутат Диас Әбдиев Біртілек ауылдық округі орталығындағы Береке көшесін жөндеу (шағал төсеу, жобалау, сыру, ретке келтіру) жұмыстарына демеушілік жасады. Енді шағал тас төселіп, ретке келтірілген көшелер тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болмақ. Сонымен бірге келестік фракция мүшесі Мұхтар Амангелдіұлы Рамазан айының құрметіне 100 отбасына азық-түлік таратқаны да хабарланған болатын.

Түркістан облысының тұрғындары тек мемлекеттік бюджет арқылы атқарылатын жұмыстарды қадағалап қана қоймай, өз демеушіліктері есебінен де игі іс атқарып жүрген халық қалаулыларына ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар