Түркістан облысында 2019 жылы Өзбекстанмен арада жаңа көлік өткізу пункті іске қосылады

Dalanews 14 желт. 2018 05:29 220

Түркістан облысында көршіліес Өзбекстанмен арадағы автокөлік құралдарының өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінің қайта құру құрылысының басталмақшы. Бұл жобада автокөліктердің кіріп-шығу жолақтары 2-ден 6 жолаққа дейін ұлғаю қарастырылған.

Бұдан басқа, «Атамекен», «Қазығұрт» және «Қапланбек» кеден бекеттерін қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 32-ө өкіміне сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Ұлт жоспары» Бағдарламасының 38 қадамында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық стандарттар нормаларына сай, ASYCUDA World өзекті нұсқа платформасында  кедендік рәсімдерді жаңғырту мен кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандырылған жүйесіне  интегралды кедендік компонентін енгізу туралы шешімі қабылданған.

Осы мақсатта, 2017 жылдың 1 қазаннан бастап «Транзит» кедендік рәсімі, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан «Экспорт» кедендік рәсімі және 1 сәуірінен бастап «Импорт» және басқа кедендік рәсімдер бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі толығымен іске қосылды.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі барлық мемлекеттік органдар интеграцияларған жүйе.

Бұл ретте, ақпаратық жүйеге «бір терезе» қағидасы енгізілген, ол бойынша жүйеге, кедендік ресімдеуді жүргізуге қатыстымемлекеттік бақылау түрлері яғни, ветеринарлық, фитосанитарлық, көліктік және т.б функциялары қосылған.

Сондай – ақ, аталған жүйеге тәуекелдер бейіндері іске қосылған. Бұл жағадайда, СЭҚ қатысушы ұсынылған тауарларға қатысты құжаттар мен төленуге жататын қаражаттарды бекітілген нормаларға сәйкес ұсынылса, «Астана-1» АЖ уәкілетті лауазымды тұлғаның қатысуынсыз жасыл дәлізбен 1 минутта тауарлар шығарылады.

Аталған жүйенің негізгі мақсаты кедендік ресімдерді жылдамдату, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақыттық және қаржылай шығындарын қысқарту, электронды декларациялау жүйесін енгізу, құжаттар санының қысқаруыжәне лауазымды тұлға мен СЭҚ қатысушынымен байланыссыз кедендік декларацияны шығару болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлық бейіндерін төмендетеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x