Облыс бойынша 102 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 128-ге жетті.
Жалпы 1-ақпаннан облысқа COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 193 мыңнан астам дозасы жеткізілген. Бүгін тағы «Hayat-Vax» вакцинасының 13 мың дозасы келді. Сонымен қатар, екінші компонент «Hayat-Vax» 17 мың дозасы және «Спутник-V» 11 мың дозасы бүгін жеткізілді. Өңірде вакцинаның тапшылығы байқалмайды.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 39 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,65 % құрайды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 700 мыңнан астам азаматтан ПТР сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3588 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.