Түркістан мен Әбу-Дәбидің арасы жақындай түсті

Dalanews 10 қар. 2023 06:37 1020

Біріккен Араб әмірліктерінің «Wizz Air Abu Dhabi» ұлттық компаниясы Орталық Азияның ең маңызды тарихи қалаларының бірі Түркістанға әуе рейстерін ашады. Жаңа бағыт қос қала тұрғындары және қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы рейсті 2024 жылы ақпан айында іске қосу жоспарлануда. Билеттер қазірдің өзінде сатылымға шықты.

Wizzair.com ресми сайты және мобильді қосымшасында билет бағасы 20 мың теңгеден (159 дирхам) басталады. Рейстер аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндеріне белгіленіп отыр.

Wizz Flex көмегімен жолаушылар билеттерді сенімді түрде брондауға болады. Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан үш сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Авиакомпанияның несиесі ретінде жол жүру құнының 100 пайызын өтеледі.

Түркістан – елдің інжу-маржаны, тарихтың, мәдениеттің, табиғи сұлулықтың керемет үйлесім тапқан және алуан түрлі мұрасын айғақтайтын бірден-бір ерекше шаһар.

Ислам және сәулет өнерінің ұлылығын бейнелейтін, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты ғажайып нысандарымен мақтана алады.


Саяхатшыларды жергілікті дәмді тағамдары мен ғасырлық дәстүрлер үлгісі күтеді. Экологиялық туризмнің белсенділері үшін табиғи парктері мен қорықтарының әр алуандығы тамсандырады. Ал, Әбу-Дәби – мәдениет және көрікті жерлерімен жыл бойы күн астындағы демалыс ұсынатын әлемге әйгілі жер.

Сондай-ақ БАӘ-нің ұлттық компаниясы төмен тарифтерді ұсынуымен ерекшеленеді.

«Wizz Air Abu Dhabi» ұлттық компаниясы басқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша, таңғажайып пейзаждары мен бай мәдениетінің арқасында Қазақстан, оның ішінде Түркістан өңірінің туристік әлеуеті шытырман оқиға әуесқойларының қызығушылығын арттырады.

Ежелгі Жібек жолын зерттегісі келетіндер үшін қызықты әрі қолжетімді саяхат мүмкіндіктерін ұсынуда. Түркістанда іске қосылатын жаңа бағыт аталған әуе компаниясының Қазақстан бойынша үшінші желісі болып табылады.

YDA Group авиация басқармасының мүшесі, Бас директоры Хамди Гювенч келіссөздер нәтижесіндегі серіктестік және ынтымақтастық қарым-қатынастар жүзеге асқанын қуана жеткізуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы Ыстанбұл және Эль-Кувейт халықаралық, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды республика ішілік әуе бағыттарына қызмет көрсетіп келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар