Түркістан. «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс жұмыстарының қарқынын арттырды

Жарбол Кентұлы 10 сәу. 2024 13:28 1413

Түркістан облысында дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен диқандарға көмек беру шаралары қолға алынған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан да шаруаларға қолдау көрсетілуде. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында аталған қаржы ұйымдары басшыларының есебі тыңдалды.

«Оңтүстік» АИО ЖШС-нің басқарма төрағасы Бақбай Әбілдабектің айтуынша, 2023 жылы 8593 млн. теңгеге 846 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы тартылған 6165 млн. теңгеге 802 жоба жүзеге асқан. «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қолдау көрсетілген. 1100 жұмыс орны құрылған. 

«Ырыс» микроқаржы ұйымының басшысы Мұхит Мыңбаев былтыр 5892 млн. теңгеге 883 жоба қаржыландырылғанын мәлімдеді. 2024 жылдың І тоқсанында көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылық субъектілерін қаржыландыру жұмыстары жүргізілген. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ««АгроБизнес» бағдарламасы бойынша 124 жоба, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 302 жоба, жалпы 426 жоба қаржыландырып, бөлінген қаражат толық игерілген.

Жиында алған қаржыны уақтылы қайтармай жүрген тұлғалардың мәселелері де сөз болды. Облыс әкімінің орынбасары қаржы ұйымдарының басшыларына шаруалармен белсенді жұмыс жүргізіп, көмектесуді тапсырды. Жобаларды уақтылы жүзеге асырып, сүйемелдеу маңызды екенін жеткізді. Аудан, қала әкімдеріне су үнемдеу технологияларына басымдық беру жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге жеңілдетілген жанар-жағармайға тапсырыс беру жұмыстарын жандандыруды жүктеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар