Түркістан. «Еріктілер жылын» қолдаушылар бас қосты

Dalanews 27 қар. 2019 09:21 850

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бәйшешек» лагерінде «Жастар еріктілік басқару» тақырыбында екі күндік оқу лагері өтті.

Шара – биылғы «Жастар жылын» қорытындылау және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған 2020 жыл – «Еріктілер жылын» қолдау аясында өткізілді.

Оқу лагеріне Түркістан облысының барлық аудан, қалаларындағы колледж жəне университеттердің студенттері, соның ішінде 200- ге жуық еріктілер ұйымдарының көшбасшылары жиналды.


Іс-шара барысында жастар еріктілік пен жобаларды басқару, командада жұмыс жасай білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту , ерікті жастар ұйымының жұмысын оңтайлы жүргізу сияқты бағыттар бойынша қызықты дәріс алды.

Тренингке арнайы Түркиядан жеке тұлға ретінде өсу жөніндегі халықаралық тренер-коуч Арслан Рамазанов, Шымкент қаласынан экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дінмұхамед Жақыпбеков, Нұр-Сұлтан қаласынан Ақпарат және қоғамдық даму комитетінің жобалық менеджері - Людмила Бурлаченко келіп, жастардың біліктілігін шыңдады. «Жастар еріктілік басқару» тренингі жастармен жұмыстың жаңа бағытын айқындап берді.

 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар