- Жалпы ережелер
1.1. Байқау мерзімі 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығын қамтиды.
1.2. Байқау 2 (екі) жанр бойынша өткізіледі:
- Поэзия (өлең, өлеңдер топтамасы, баллада, поэма);
- Проза (эссе, әңгіме, повесть).
- Байқау мақсаты мен шарттары:
2.1. Байқаудың мақсаты:
- Түркістанның мәртебесін көтеру;
- жас ұрпақ бойында төл тарихымызға деген қызығушылықты күшейту;
- ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттыру;
- жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу;
- жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;
- қазіргі қазақстандық авторлардың шығармашылықтарын дәріптеу.
2.1. Байқаудың шарттары:
- байқауға 2019 жылдың 13 наурызы мен 7 маусымы аралығында жолданған туындылар қатысады;
- байқауға республикамыздың барлық аймағынан кез-келген қаламгер қатыса алады;
- байқау қазақ тілінде өтеді және қатысушының жасына шек қойылмайды;
- байқауға қатысушы Түркістан қаласының тарихына (жер, су, тарихи орындар, тарихи тұлғаларға) қатысты аңыз-әңгіме мен деректер, тарихи оқиғалар бойынша жазылған шығармаларын ұсына алады;
- бір автор бір жанр бойынша ғана байқауға қатыса алады;
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу мерзімі
3.1. Байқауды ұйымдастырушы – Түркістан облысының Ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі;
3.2. Ұйымдастырушы комитет жауапты және жүзеге асырады:
- байқауды және ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- байқауға түскен шығармаларды сараптап, талапқа сай қабылдайды;
- байқауды ақпараттық қолдауды жүзеге асырады;
- Байқау барысы мен қорытындысын БАҚ-да жариялануымен айналысады;
- марапаттау салтанатын дайындайды және өткізеді.
- әрбір жанр бойынша қазылар алқасын тағайындап, шығармаларды саралайды.
3.3. Байқауға түскен шығармаларды бағалау үшін әділ қазылар алқасы ақын-жазушылардан, ғалымдардан, сыншылардан, кітапханашылардан, өнер және мәдениет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралады.
- Шығармаларды бағалау шарттары
4.1. Байқауға қатысушылар өнерін бағалаудың негізгі белгілері:
- таңдалған шығармалардың байқау ережелеріне сәйкестігі;
- таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
- мәтіннің бейнелік желісі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуі;
- шығарманың көркемдік деңгейінің жоғары болуына, тарихи деректердің нақты және бұрмаланбауына назар аударылады.
- Қатысушыларды марапаттау
5.1. Қазылар шешімімен әр жанр бойынша үздік деп танылған шығармалар марапатталады.
Поэзия жанры бойынша:
- Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге
- 1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге
- 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге
- 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге
- Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден;
Проза жанры бойынша:
- Бас жүлде – 500.000(бес жүз мың) теңге
1-орын – 300.000(үш жүз мың) теңге
- 2-орын – 200.000(екі жүз мың) теңге
- 3-орын – 150.000 (жүз елу мың) теңге
- Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы – 50.000(елу мың) теңгеден.
5.2. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2019 жылы 19 маусым күні Елбасының Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру жөніндегі Жарлығының 1 (бір) жылдығына орай Түркістан қаласында өткізіледі.
- Жұмысты рәсімдеу талаптары
6.1. Байқауға шығармаларды қабылдау мерзімі: 2019 жылдың маусым айының 7-іне дейін. Шығарма мына электронды почта бойынша қабылданады: turkistan_baikay@mail.ru
6.2. Ұсынылған шығарманың қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен жазылуы тиіс.
6.3. Поэзия аталымы бойынша шығарма көлемі – 16 беттен ( 1 баспа табақ), проза аталымы бойынша 25 беттен (1.5 баспа табақ) аспауы керек.
6.4. Жолданған шығарманың алғашқы бетіне жанр атауы жазылуы тиіс. Міндетті түрде мына төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- автордың толық аты, әкесінің аты және тегі;
- қысқаша шығармашылық өмірбаяны мен шығармалары;
- мекенжайы, байланыс телефоны;
6.5. Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.
Қосымша сұрақтар бойынша 87763093055 телефон нөміріне хабарласуға болады.