Түркістан. Білім мекемелерін цифрландыру білім сапасын арттырады

Жарбол Кентұлы 09 жел. 2024 19:35 768

Түркістан облысында білім саласы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін сапалы әрі уақтылы үйлестіру және мемлекет қаржысын мақсатты пайдалану үшін саланы цифрландыру жұмысы күшейе түсті. Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Өңірдегі балабақшалар, мектептер және колледждер толық цифрландыруға өтуі тиіс. Бақылау, талап күшейтіледі. Студенттері оқуға келмейтін, оқу процесін үйлестіре алмайтын колледж басшыларын ауыстыру мәселесін қарастырыңыздар. Оқушылардың мектепке келуін, мектеп асханасының жұмысын қадағалауды цифрландыру бойынша ортақ бір жүйені қолданып, оны жауапты басқармаға интеграциялау қажет, – деген Дархан Сатыбалды тиісті басқарма басшыларына ицфрландыру ісін бірлесе атқару жөнінде тапсырмалар берді.

Мәжілісте Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков баяндама жасады.

2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген 458 мектеп (420 мектеп, 38 мектеп-интернат) асханасының 210-ына ақпараттық бағдарламалық комплекс (АБК) орнатылып, «Әлеуметік әмиян» жобасымен толық интеграция жасалады. Қалған 248-і «Бизнес әмиян» жүйесіне енгізіледі. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, 2 ай мерзімде оларға АБК орнатылып, интеграция жасалмақ. Одан басқа 457 мектепке «Бизнес әмиян» енгізу жұмыстары жүруде.

Облыстағы мемлекеттік 264 мемлекеттік балабақшада балаларды түгелдеу функциясын атқаратын арнайы құралдар мен камералар орнатылуда. 2025 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс алатын облыстағы 1119 жекеменшік балабақшаға да «Сана» жүйесі құрылтайшылар есебінен орнатылып, басқармамен интеграциаланады. Түркістан қаласындағы 145 балабақшаның 139-ы ваучерлік қаржыландыруға келісімдерін берді. Қалғандарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік тапсырыс қабылдап отырған 43 колледжге де Face ID жүйесі орнатылып, басқармамен интеграциаланады деп жоспарланған.

Өңірдегі колледждерге Face ID жүйесін енгізу білім беру мекемелерінде цифрландыру мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы маңызды қадам болғаны анық. Бұл жүйе студенттердің қатысуын автоматты түрде тіркеп, оқытушылар мен әкімшілік үшін процестерді жеңілдетеді. Сонымен қатар, Face ID арқылы сабаққа келмеген студенттерді тез анықтап, олардың ата-аналарына хабарлау мүмкіндігі пайда болады. Бұдан басқа кампустардан рұқсатсыз кіріп-шығуды болдырмауға көмектеседі.

Бұл технология студенттердің тәртібін бақылау және сапалы білім алуға ынталандыру мақсатында кеңінен қолданылуда. Алайда, мұндай жүйелерді енгізу кезінде жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл –  қоғамның пікірін және заманауи талаптарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс күрделі процесс.

Face ID технологиясы алғаш рет 2017 жылы Apple компаниясының iPhone X смартфонында таныстырылды. Бұл жүйе құрылғыны адамның бет-бейнесін сканерлеу арқылы құлыптан ашуға мүмкіндік береді. Face ID жұмыс істеуі үшін арнайы TrueDepth камера жүйесі қолданылады, ол келесі компоненттерден тұрады. Нүктелік проектор – бетке 30 000-нан астам инфрақызыл нүктелерді проекциялайды. Ал инфрақызыл камера нүктелердің орналасуын оқып, бет бейнесінің 3D картасын жасайды. Face ID қауіпсіздігі Touch ID-ден жоғарырақ деп есептеледі, себебі оның сәтті бұзылу ықтималдығы 1 миллионнан 1-ге тең деп бағаланады.

Түркістан облысында білім беру саласын цифрландыру – өңірдегі білім сапасын арттыру мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашудың маңызды қадамдарының бірі. Соңғы жылдары өңір мектептерін заманауи технологиялармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің цифрлық дағдыларын жетілдіру және оқыту үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Түркістан облысында мектептерді интернетпен қамтамасыз ету цифрландырудың басты міндеттерінің бірі саналады. Бүгінде ауылдық жерлердегі білім беру мекемелеріне жоғары жылдамдықты интернет тарту жұмыстары жүйелі түрде іске асуда. Интернетке қолжетімділік білім беру платформаларына еркін кіріп, оқушылардың оқу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Оқыту барысында түрлі цифрлық платформалар кеңінен қолданылуда. Мәселен, Kundelik.kz жүйесі оқушылардың үлгерімін бақылауды жеңілдетіп, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайтады. Ал Bilimland және Daryn.online сияқты платформалар оқушылардың сабақ материалдарын интерактивті түрде меңгеруіне ықпал етеді. Бұл ресурстар әсіресе қашықтан оқыту кезінде өз тиімділігін дәлелдеді.

Мектептерді интерактивті құралдармен жабдықтау да үлкен назарға алынған. Интерактивті тақталар, компьютерлер, робототехника кабинеттері мен басқа да заманауи құрылғылар оқушылардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мұғалімдер жаңа құралдарды меңгеріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуге тырысады.

Цифрландыру мұғалімдер үшін де жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Оларға арналған арнайы оқыту курстары ұйымдастырылып, цифрлық сауаттылықты арттыруға жағдай жасалуда. Бұл мұғалімдердің жаңа технологияларды оқыту үдерісінде тиімді қолдануына көмектеседі.

Алайда, цифрландыру жолында белгілі бір қиындықтар да бар. Ауылдық жерлерде интернеттің төмен жылдамдығы немесе мүлде болмауы, заманауи жабдықтардың жеткіліксіздігі және мұғалімдердің кейбіреулерінің технологиялық жаңалықтарды меңгеру деңгейінің төмендігі бұл үдерісті баяулатуы мүмкін. Дегенмен, осы мәселелерді шешуге бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Түркістан облысында білім беру саласын цифрландыру өңірдің болашағы үшін маңызды. Бұл бастама балаларға әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік береді, ал мұғалімдерге оқыту үдерісін жеңілдетіп, заманауи әдістерді тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Цифрлық технологиялар білім берудің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, оны анағұрлым сапалы етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар