Түркімендер нансыз қалудың алдында тұр

Dalanews 19 қаз. 2021 12:19 924

Азық-түлік дағдарысына ұшыраған Түркіменстан астанасында ондаған жекеменшік наубайхана жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жүздеген адам жұмыссыз қалды, –деп хабарлайды Dalanews.kz Азаттық радиосының Ашғабаттағы тілшісіне сілтеме жасап.

Тілші мәліметіне қарағанда, бір апта бұрын астанада 30-дан астам жекеменшік наубайхана нан мен нан өнімдерін шығаруды тоқтатқан.

– Кәсіпорындардың кейбірінде орта есеппен он шақты адам жұмыс істейді. Наубайханалар жабылған уақытта жүздеген адам жұмыссыз қалды, – дейді жұмысы тоқтаған наубайханалардың бірінді істеген жұмысшы.

Наубайқаналардың жабылуына мемлекеттік дүкендерде отандық ұнның болмауы себеп болған. Шетелден келетін ұн өте қымбат.


– Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер ұнды мемлекеттік дүкендерден астыртын сатып алып жүрді. Енді кәсіпорындар арзан ұн ала алмайды. Ал шетелден келетін ұнның келісі 25 манат тұрады, нанды 10 манаттан сату оларға тиімсіз, - деді жекеменшік наубайханада істеген жұмысшы.

Түркімен билігі елдегі азық-түлік дағдарысын, ұн мен нан тапшылығын мойындамай отыр. Үкімет жиналыстарында жыл сайын елде 1 миллион 400 мың тонна астық жиналады деген жалған есептер жиі айтылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар