Желіде Ақтаудағы мектептерде террористік акт жоспарланып жатыр деген фейк тарап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция мектептерді тексеріп, қауіпсіздік шараларын күшейтті.
"Әлеуметтік желілердегі террорлық акт туралы хабарлама жалған ақпарат саналады. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мектептерде тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде тізімде көрсетілген білім беру ұйымдарының ғимараттары қауіпсіз екені расталып, әрқайсына тиісті актілер берілді. Алдағы уақытта қосымша тексеріс жүргізу жоспарланған. Оқиға Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында", - деді полиция.
Маңғыстау облысының Білім басқармасы мәліметінше, Ақтау қаласындағы барлық мектепте сабақтар дәстүрлі форматта, сабақ кестесіне сәйкес өтеді.
