Түпқарағанннан шыққан қаршадай қыздың картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды

Dalanews 22 мам. 2021 05:08 1048

Түпқарағандық Милана Нұрсайынова Қазақстандағы «Resin Art» өнерін дамытушы суретшілердің бірі. Оның туындысы жуырда Ұлыбританиядағы Ланкастер қаласында өткен халықаралық көрмеге қойылды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Милана Нұрсайынова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» факультетінің «Сән дизайны» мамандығы бойынша 4-курс студенті. Ол екі жылдан бері эпоксидті шайыр (смола) арқылы сурет салады. Бүгінге дейін жас суретшінің Ұлыбритания мен Алматыда жеке көрмесі өтті. Онда 17 картина қойылды.

– Ланкастерде өткен виртуалды көрмеге «Сәулелі алтын құм» картинам қойылды. Мұнда көп адамның көзі жетіп, көңілі қабылдай бермейтін дүниелерді бұлыңғыр күйде көрсетуге тырыстым. Суреттерімде айтар ойымды әртүрлі түсті қолдану арқылы астарлап жеткіземін.

Өзге ұлт өкілдері өнерімді жоғары бағалап жатады. Мәселен бір картинамды әзірбайжан азаматшасы сатып алды. Қазір елімізге белгілі сәнгер Медина Сақтағановамен бірге жұмыс істеп жүрмін. Қазір тігін тігумен айналысып жүрмін. Тігіншілік өнері маған әжемнен берілген шығар деп ойлаймын. Ал сурет салу қабілеті  әкемнен келгені анық, – деді Милана Нұрсайынова.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар