Тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды

Тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Болгарияда өтіп жатқан армрестлингтен әлем чемпионатында Түркістан облысының Шардара ауданынан шыққан бір әулеттің үш ұлы қатарынан чемпион атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары – Ибрагимдер әулетінің балалары:

  • 🥇 Бекнұр Ибрагим (14 жас) – жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде,

  • 🥇 Азамат Ибрагим (15 жас) – жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта,

  • 🥇 Әділет Ибрагим (18 жас) – жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта жеңіске жетті.

Бұл – Шардара тарихында тұңғыш рет бір отбасының үш баласы бір жарыста қатарынан әлем чемпионы атанған тарихи жетістік.