Freedom Inside '26

Тұман, көктайғақ: апта басындағы ауа райы қандай болады?

Тұман, көктайғақ: апта басындағы ауа райы қандай болады?
Dalanews.kz коллажы

Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклон әсері біртіндеп әлсірейді.

"Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, тұман түсіп, жел күшейеді", - деді синоптиктер.

Солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C-қа дейін, күндіз -3…+5 °C-қа дейін төмендейді. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.