Алдымен Түлкібас аудандық соттағы халықтық кеңсенің жұмысымен танысып, татуласу бөлмесін аралап көрді. Сотқа дейін мәселені дер кезінде шешу мақсатында жергілікті жерлерде жұмыс атқарып жатқан медиаторлармен кездесті. Сонымен қатар аудан әкімдігінің халықтық кеңсенің жұмысымен аудан әкімі Н.Тұрашбеков таныстырып өтті. Халықтық кеңседе қажетті интернет желісі мен арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.
Жалпы халықтық кеңсе – халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сапасын арттыру – заман талабы. Бұл туралы Елбасымыз үнемі айтып келеді. Міне, бүгін осы халықтық кеңсемемлекеттік қызметтің 96 түрін көрсететін болады. Әрбір салада арнайы мамандар келген тұрғынға кеңес беріп, қажетті құжаттарын алуға көмек беретін болады. Бұл – халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін кеңсе болмақ.
Dalanews.kz